« ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ» пәніненен

050117: Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттеріне практикалық  сабақтар бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«Халық ауыз әдебиеті» пәніненен  050117: Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттеріне практикалық  сабақтар бойынша

әдістемелік нұсқау

әдістемелік нұсқау

Оқу түрі: күндізгі

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Қазақ халқының ауыз әдебиеті - жоғары оқу орындарында халықтық сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтып отыратын пән. Халық әдебиетінің ежелгі замандардан бастап қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттары фольклортану ғылымының бұрынғы-соңғы зерттеулерінің аясында теориялық және практикалық тұрғыда жан-жақты талдана түсіндіріледі.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті көркемөнердің салаларымен, тарихымеи, этнографиямен, философиямен, психологиямен, педагогикамен және т.б. ғылымдар салаларымен тығыз байланысты. Сондықтан халық әдебиеті үлгілерін оқыту барысында пәнаралық байланыстарға да ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, ауызша және жазбаша әдебиеттің өзара ықпалдасуы, фольклордағы типологиялық тектестік мәселелері де қамтылады. Фольклортану ғылымындағы жаңа зерттеулер мен бағдарлама жүйесінің сабақтастығы да басты назарда болады.

Фольклор және фольклортану ғылымы туралы түсінік

Фольклортану (фольююристика) халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін классикалық ғылым саласы. Фольклортану ғылымының басты обьектісі мен негізгі міндеті халық шығармашылығын зерттеу екендігі. Фольклордың қалыптасу, даму тарихы жөніндегі ой-пікірлер. Халық өнерінің түрлері және олардың ішінде фольклордың алатын орны. Фолъклортанудың әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, археология, философия, мәдениеттану, психология т.б. ғылым салаларымен байланысы.

Фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігі. Халықтық сипаты. Ауыз әдебиетінің табиғаты мен қоғамдық маңызын танудағы атақты ғалымдар мен ойшылдар пікірі.

Ауызша сөз өнерінің типтік табиғаты. Оған тән ерекшеліктер мен белгілер. Ауызша туындылардағы сөздің жетекші қызметі мен өрісі.

Фольклордің көркемдік жүйесі, жанрлары, поутикалық тәсілдері мен құралдары. Ауыз әдебиетінде шындықты бейнелейтін өзгешелігі, көпқабаттылығы.

Фольклор мен жазба әдебиет. Ауызша сөз өнерінің табиғаты, шығарманың туу, таралу және сақталу ерекшеліктері, мезгілі мен мекені. Ауызша айтудың дәстүрлілігі мен формулалығы, стильдік кестесі. Шындықты бейнелеудің көркемдік әдістері.

Ауыз әдебиетінің ұжымдық шығармашылықтың жемісі екендігі. Онңц шығу, айтылу, даму процесіндегі коллективтіліктің көрінісі және түрлері. Жеке шығармашылық коллективтілік аясындағы сипаты. Дәстүрлілік пен коллективтілік.

Көпнұсқалылық  және оның фольклордағы коллективтілік пен ауызша айтылуға байланыстылығы. Вариант /нұсқа/ және версия. Фольклордың өзгермелілігі.

Ауыз  әдебиетінің  әлеуметтік  маңызы.  Халытық және жалпы азаматтық құндылықтары. Идеялық,   тәрбиелік,    эстетикалық,    танымдық   қызметтері Фольклордың халық өмірінің барлық саласын сол халықтың рухани түсініктеріне ұлттық ерекшеліктеріне қарай бейнелейтіндігі айнасы екендігінде, елдің үміті.

І Практикалық (семинар) сабақтарының мақсаты мен міндеттері 

Қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығын болашақта терең де жан-жақты меңгеру мәселесi күннен-күнге талап күшейiп келедi. Әр бiр азаматтың таңдап алған қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығын меңгеруде теориялы және практикалық бiлiмiн тереңдете түсу қажет. Қазақ фольклоры бүкiл әдебиет мәселесiн меңгеру үшiн негiзгi тiрек болып табылады.

Оқу-әдiстемелiк бағдарламаны амалға асыру үшiн мына мәселелерге назар аударылсын:

а)қазақ халық ауыз әдебиетiн меңгерiп, үйрену үшiн ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң нұсқаларымен оқып сюжетiн меңгеру;

ә)баспада жарияланған оқулық, хрестоматиялық, көмекшi-құралдарды оқып, үйрену;

б) Қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинау, зерттеу әдiстерiн меңгеру талап етiледi.

Қазақ халық ауыз әдебиетiнiң жанрлық құрылысы мен оның ерекшелiктерiн, мәтiннiң сюжет желiсiн меңгерудi мiндеттейдi, мәтiндi сюжет және композициялық құрылысына қарай талдау; мотив пен сюжет текстерiн қорытындылап шығарма жазуға дайындау.

        ІІ  Практикалық сабақтарының мазмұны. Қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығына қазақ ауыз әдебиетi пәнi ең алғаш пән ретiнде бiр семестр бойынша лекциялық, практикалық-семинар сабағы жүргiзiледi. Студент толық мәтiн нұсқаларын, версияларын оқып, сюжет желiсiн салыстыра баяндап, реферат, курс жұмыстарын жазуға дағдыланады.Фольклорлық жанрлардың тақырыбына тиiстi мәтiндерiн оқып, талдау жасауға жаттығады; студент конспект арқылы теориялық ой-түйiндерiн жасап, композициясын өзбетiнше салыстырып пiкiр айтуға үйренедi; теориялық әдебиеттер тiзiмiне оқытушы-профессорлардың еңбектерiн де тiзiмге енгiзiп пайдалануға болады

       ІІІ Техникалық құрал-жабдықтар. Магнитофон, диктофон,  электронды оқу құралдары. Т.б.

       ІҮ Сабақ өткізу тәртібі. Алдын ала берілген практикалық сабақтың сұрақтары бойынша әр түрлі әдістермен студенттердің білімін, өз бетінше іздену шеберліктерін, оқыған материалдарын еске сақтау қабілетін жан-жақты бақылау.

«Қазақ ауыз әдебиеті» пәнінен практикалық  сабақтарының тақырыптары.

1 –тақырып:  Қазақ халқының ауыз әдебиеті көркемөнердің салаларымен, тарихымеи, этнографиямен, философиямен, психологиямен, педагогикамен және т.б. ғылымдар салаларымен тығыз байланысы.

Қамтылатын мәселелер:

- Фольклортану ғылымы және оның міндеті мен мақсаты.

- Фольклортану ғылымының маңызы.

- Фольклортану ғылымының әдебиеттегі алар орны.

- Фольклортану ғылымының қалыптасуы, дамуы.

- Фольклортану ғылымын зерттеген ғалымдар.

- Фольклортану ғылымына байланысты жазылған ғылыми еңбектер.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- Фольклортану ғылымы және оның міндеті мен мақсатын анықта.

- Фольклортану ғылымының маңызын айқында.

- Фольклортану ғылымының қалыптасуы жайлы мағлұматтар жинау.

- Фольклортану ғылымын зерттеген ғалымдар еңбектерімен танысу.

- Фольклортану ғылымына байланысты жазылған ғылыми еңбектермен танысу.

Бақылау сұрақтары:

1. Фольклортану ғылымының міндеті мен мақсаты не?

2. Фольклортану ғылымының маңызы қандай?

3. Фольклортану ғылымының қалыптасуына қандай ғалымдар үлес қосуда?

4. Фольклортану ғылымын зерттеген қандай ғалымдардың еңбектерін білесіңдер? 

СӨЖ тапсырмалары:

- Фольклортану ғылымы және оның міндеті мен мақсатын айқындап өзіндік жұмыс жаз.

- «Халық ауыз әдебиеті» атты тақырыпқа шығарма жаз.

- «Халық ауыз әдебиеті» тақырыбында сөзжұмбақ құрастыр.

- Фольклортану ғылымын зерттеген ғалымдар жайлы глоссарий жаса.

                                     Пайдаланатын әдебиеттер:

·              Қазақ фольклористикасы. -А., 1972  

·              Қазақ фольклористикасының тарихы. -А., 1988

·              Өміралиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. -А., 1983

·              Казахский фольклор в собрании Г. Н. Потанина. -А., 1972

·              Казахская народная поэзия /Из образцов собранных и записанных  A. A. Диваевым/. -А.: 1964

·              Дала      уалаятының      газеті.      Әдеби      нұсқалар.      Құрастырған

Ү.Субханбердина. -А„ 1989, 1990, 1992

·              Көпеев М. Таңдамалы. -А., 1993

·              Ел қазынасы ескі сөз. В. В. Радлов жинаған қазақ фольклоры. -А.,

          2 –тақырып:   Фольклор және фольклортану ғылымы туралы түсінік.

Фольклортану (фольююристика) халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін классикалық ғылым саласы. Фольклортану ғылымының басты обьектісі мен негізгі міндеті халық шығармашылығы. Фольклордың қалыптасу, даму тарихы жөніндегі ой-пікірлер. Халық өнерінің түрлері және олардың ішінде фольклордың алатын орны. Фолъклортанудың әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, археология, философия, мәдениеттану, психология т.б. ғылым салаларымен байланысы.

Қамтылатын мәселелер:

- Фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігі. Халықтық сипаты. Ауыз әдебиетінің табиғаты мен қоғамдық маңызын танудағы атақты ғалымдар мен ойшылдар пікірі.

- Фольклортану ғылымының басты обьектісі мен негізгі міндеті халық шығармашылығы. Фольклордың қалыптасу, даму тарихы жөніндегі ой-пікірлер.

- Халық өнерінің түрлері және олардың ішінде фольклордың алатын орны. Фолъклортанудың әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, археология, философия, мәдениеттану, психология т.б. ғылым салаларымен байланысы.

-Фольклордың   ерекшеліктері.

- Көкемдік   жүйесі, жанрлары,   поэтикалық тәсілдері мен құралдары.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- Фольклордың   ерекшеліктерін анықтау.

- Фольклордың  көкемдік   жүйесін айқындау.

- Фольклордың  жанрларын анықтау.

- Фольклордың   поэтикалық тәсілдері мен құралдарын анықтау.

Бақылау сұрақтары:

- Фольклордың  негізгі  ерекшеліктері қандай?

- Фольклордың  көкемдік   жүйесі қандай?

- Фольклордың  қандай жанрлары бар?

- Фольклордың  қандай  поэтикалық тәсілдері мен құралдары бар?

СӨЖ тапсырмалары:

-                     Фольклордың   ерекшеліктері жайлы өзіндік жұмыс жаз.

-                     Фольклордың  көкемдік   жүйесі туралы  сөзжұмбақ жаса.

-                     Фольклордың  жанрларын жайлы глоссарий жаса.

-                     Фольклордың   поэтикалық тәсілдері мен құралдары жайлы кейс құрастыр.

                         Пайдаланылған әдебиеттер:

•    ДалгатУ.Б. Литература и фольклор. -М.,1981.

•    Бердібаев Р. Көусар бұлақ. -А.,1989

Қазақ  фольклоры түркі халықтарының ауыз әдебиеті құрамында

•    Жирмунский В. М. Тюркский героиеский эпос. -Л., 1974

•    Короглы   X.   Г.   Взаимосвязи   эпоса   народов   Средней   Азии,   Ирана   и Азербайджан. -М., 1983

•    Қазақ фольклорының типологиясы. -А., 1981

•     Путилов    Б.     Г.     Методология    сравнительной-историчсской    изучения фольклора. -Л., 1976

3 –тақырып: Фольклордың тегі меп жанрына қарай жіктелуі, тарихи зерттеу  принциптері. Әлемдік фольклортану ғылымындағы теориялық бағыттар мен мектептер (мифологиялық, антропологиялық, этнографиялық мектеп, көшпелі сюжет ауысып алу теориялары, салыстырмалы-тарихи, құрылымдық-типологиялық  жүйелі талдау, кешенді-тұтастық зерттеу әдістері т.б.).

Қамтылатын мәселелер:

-                     Жанрлық түрлердің бөліну жолдары. Әлемдік фольклортану ғылымындағы теориялық бағыттар мен мектептер (мифологиялық, антропологиялық, этнографиялық мектеп, көшпелі сюжет ауысып алу теориялары, салыстырмалы-тарихи, құрылымдық-типологиялық  жүйелі талдау, кешенді-тұтастық зерттеу әдістері т.б.).

-                     Жанрлық түрлердің бөліну жолдары. Жанрлардың бір-бірімен байланысы және жүйесі. Қазақ  фольклорының жанрлары мен түрлері.

- Сөзбен немесе өлең түрінде айтылуы, әуенмен не әуенсіз жеке адам немесе көпшілік орындайтын үлгіде көрініс беруі. Бұл өзгешеліктердің жанр мен жанрлық түрлерге қатысы. Жанрлардың бір-бірімен байланысы және жүйесі. - Қазақ  фольклорының жанрлары мен түрлері.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- Фольклор  мен жазба әдебиетінің қалыптасу  жолдарын білу.

- Фольклор  мен жазба әдебиетінің байланысын білу.

- Фольклор  мен жазба әдебиетінің айырмашылығын білу.

Бақылау сұрақтары:

1. Фольклор  мен жазба әдебиетінің қалыптасу  жолдары қандай?

- Фольклор  мен жазба әдебиетінің байланысы қандай?

- Фольклор  мен жазба әдебиетінің айырмашылығы қандай?

СӨЖ тапсырмалары:

-                     Фольклор  мен жазба әдебиетінің байланысы туралы шығарма жаз.

-                     «Фольклор  мен жазба әдебиетінің қалыптасу  жолдары»  атты тақырыпқа өзіндік зерттеу жұмысын жаса.

-                     Фольклор  мен жазба әдебиетінің айырмашылығы туралы сөзжұмбақ дайында.

                      Пайдаланылатын  әдебиеттер:

·              Қазақ фольклористикасы. -А., 1972  

·              Қазақ фольклористикасының тарихы. -А., 1988

·              Өміралиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. -А., 1983

·              Казахский фольклор в собрании Г. Н. Потанина. -А., 1972

·              Казахская народная поэзия /Из образцов собранных и записанных  A. A. Диваевым/. -А.: 1964

·              Дала      уалаятының      газеті.      Әдеби      нұсқалар.      Құрастырған

Ү.Субханбердина. -А„ 1989, 1990, 1992

·              Көпеев М. Таңдамалы. -А., 1993

·              Ел қазынасы ескі сөз. В. В. Радлов жинаған қазақ фольклоры. -А.,

1994

4–тақырып: Қазақ фольклорының қалыптасу, даму

кезеңдері.  Рулық қоғамындағы фольклор.

Қамтылатын мәселелер:

-                     Рулық қоғамдағы фольклордың тууы мен қалыптасуы. Еңбек-кәсіптің ролі. Жаратылыс туралы ұғымдар мен тұрмыс-тіршілік тәжірибесінің орнығуы. Үй іші, ру, тайпа арасыңдағы қатынастар

-                     Ескі наным-сенімдер мен түсініктер: анимизм, онтропоморфизм, тотемизм, фетилизм, магия. Олардың фольклорға әсері. Мифтік сана мен мифтер /тотемистік, дуалистік, этнологиялық мифтер.     

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-                     Рулық қоғамдағы фольклордың тууы мен қалыптасуы. Еңбек-кәсіптің ролі. Жаратылыс туралы ұғымдар мен тұрмыс-тіршілік тәжірибесінің орнығуы. Үй іші, ру, тайпа арасыңдағы қатынастар туралы материалдар жинау.

-                     Ескі наным-сенімдер мен түсініктер: анимизм, онтропоморфизм, тотемизм, фетилизм, магия. Олардың фольклорға әсері. Мифтік сана мен мифтер /тотемистік, дуалистік, этнологиялық мифтер туралы білу.    

Бақылау сұрақтары:

-                     Шаманизм. Бақсылар қызметі. Қазақ, фольклорының көне жанрлары мифтер, аңшылық, төрт түлік туралы әңгімелер мен жанрлар, маусымдық салт өлеңдері, бақсы сарыны, арбау, бәдік, алғыс, қарғыс, түрлі рәсімге байланысты өлеңдер, ертегілер, көне эпостарды анықтау.

-                     Феодализм дәуіріндегі фольклор. Қазіргі дәуір фольклор сипаты қандай?

СӨЖ тапсырмалары:

-                     Шаманизм, бақсылар қызметі туралы өзіндік жұмыс дайында.

-                     Феодализм дәуіріндегі фольклор туралы сөзжұмбақ дайында.

-                      Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы глоссарий дайында.

                  Пайдаланылатын   әдебиеттер.

·              Қазақ фольклористикасы. -А., 1972  

·              Қазақ фольклористикасының тарихы. -А., 1988

·              Өміралиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. -А., 1983

·              Казахский фольклор в собрании Г. Н. Потанина. -А., 1972

·              Казахская народная поэзия /Из образцов собранных и записанных  A. A. Диваевым/. -А.: 1964

·              Дала      уалаятының      газеті.      Әдеби      нұсқалар.      Құрастырған

Ү.Субханбердина. -А„ 1989, 1990, 1992

·              Көпеев М. Таңдамалы. -А., 1993

·              Ел қазынасы ескі сөз. В. В. Радлов жинаған қазақ фольклоры. -А.,

1994

5 –тақырып: Тұрмыс-салт жырлары

Қамтылатын мәселелер:

-                     Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы. Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Радловтың халық өлеңдерін жіктеуі.

-                     Тұрмыс-салт жырларын қазіріі зерттеудің жайы мен классификациялаудың проблемалары. Жанрдың жалпы сипаттамасы мен анықтамасы. Тұрмыс-салт жырларының отбасы, шаруашылық, еңбек процестеріндегі түрлі салт, ырым, әдеп-ғұрып, наным-сенімдермен байланысы. Олардың салтқа тікелей және жанамалы түрде қатысты болуы. Тұрмыс-салт жырларының ұжымдық және синкреттілік сипатының басымдығы. Фольклордың ең көне үлгілері екендігі.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-                     Қазіргі қазақ әдебиеті және фольклор.

-                     Кеңес дәуіріңдегі қазақ фольклористикасының қалыптасу, даму жолдары.

- Қазіргі    қазақ    фолыиюристикасындағы    типологиялық    және    жүйелі функционалдық зерттеу әдістері.

Бақылау сұрақтары:

- Еңбек-кәсіппен байланысты туған өлең-жырлардың жанрлық түрлері. Төрт түлік жырлары. Көшпелі шаруашылықтың бейнеленуі, төрт түлік мал жайындағы ескі наным-сенімдер туралы материалдар жинау.

- Аңшылық жырларының ерекшелігін айқындау.

- Наным-сенімдерге /діни ұғымдар/ байланысты өлеңдердің сипатын айқындау.

- Отбасы салтына байланысты өлең түрлерін анықтау.

СӨЖ тапсырмалары:

-                     «Наным-сенімдерге /діни ұғымдар/ байланысты өлеңдердің сипатын» тақырыбында өзіндік жұмыс жаса.

-                     Тұрмыс-салт жырларына байланысты глоссарий жаса.

                                    Пайдаланылатын   әдебиеттер:

•    Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. -А:, 1992.

•    Байтұрсынов А. Ақжол. -А:,1991.                                                     

•    Веселовский А.Н. Историческая поэтика.-М.,1940.

•     Тайлор Э. Первобытная культура. -М.,1989.

•    Анисимов А. Духовная жизнь перпобытного общества. -М-Л., 1966.

•    Гусси В.Е. Эстетика фольклора. -Л.,1967.

•    Гусьев В.Я. Фольклор и действительность.-М.,1976.

·        Емельшин Л.И.Методолог. вопросы фольклористики.-Л.,1978,

•    Әуезов М. Әдебиет тарихы.-А: 1991.

•    Ысмаилов Е. Ақындар. -А:.1956.

•    Смирнова М.С. Казахская народная поэзия. -А.,1967.

•    Садырбаев С. Фольклор және эстетика. -А.,1976.

Окулыктар

•    Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті//Шығармалар.6-т.-А: 1964.

•    Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. -А.,1974.

·        Садырбаев С.Қазақ халқынын ауыз әдебиеті. Хрестом.-А.,1977.

6 –тақырып: Лирикалық өлеңдер

Қамтылатын мәселелер:

- Халық лирикасының жанрлық ерекшелікгері. Классификациялау мәселесі.

- Тұрмыс-салт жырларымен ұқсастығы және айырмашылығы.

- Лирикалық өлеңдердің алуан тақырыпты болуы. Қара өлең, ән өлең, тарихи өлеңдер.

- Идеялық-көркемдік ерекшеліктері. Бейнелеу жүйесі. Композициясы. Поэтикалық тәсілдері мен құралдары. Тарихи өлендердің тарихи жырлардан өзгешелігі. Лирикалық өлеңдердегі қазақ халқының эстетикалық дүниетанымы.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- Балалар фольклорының бүгінгі күндегі көрінісін анықта.

-("Бесікке бөлеу", Бесікті аластау", "Тұсау кесу', т.б.). жатқа айт.

- Балалар фольклоры. ("Бесікке бөлеу", Бесікті аластау", "Тұсау кесу', т.б.).

маңызын анықта.

Бақылау сұрақтары:

- Қара өлең, ән өлең, тарихи өлеңдердің идеялық-көркемдік ерекшеліктері қандай?

-. Қара өлең, ән өлең, тарихи өлеңдердің бейнелеу жүйесі, композициясы қандай?

- Қара өлең, ән өлең, тарихи өлеңдердің поэтикалық тәсілдері мен құралдары қандпай?

- Тарихи өлендердің тарихи жырлардан өзгешелігі мен лирикалық өлеңдердегі қазақ халқының эстетикалық дүниетанымы.

Пайдалынылатын әдебиеттер:

•    Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. -А:, 1992.

•    Байтұрсынов А. Ақжол. -А:,1991.                                                    

•    Веселовский А.Н. Историческая поэтика.-М.,1940.

•     Тайлор Э. Первобытная культура. -М.,1989.

•    Анисимов А. Духовная жизнь перпобытного общества. -М-Л., 1966.

•    Гусси В.Е. Эстетика фольклора. -Л.,1967.

•    Гусьев В.Я. Фольклор и действительность.-М.,1976.

·        Емельшин Л.И.Методолог. вопросы фольклористики.-Л.,1978,

•    Әуезов М. Әдебиет тарихы.-А: 1991.

•    Ысмаилов Е. Ақындар. -А:.1956.

•    Смирнова М.С. Казахская народная поэзия. -А.,1967.

•    Садырбаев С. Фольклор және эстетика. -А.,1976.

7 –тақырып:  Мақалдар мен мәтелдер

Қамтылатын мәселелер:

-                     Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері. Классификациялаудың принциптері. - Мақал-мәтелдердің тақырыптық, логикалық-семантикалық жіктеулер туралы түсінік.

-                     Мақал-мәтелдердің ауызекі сөйлеу тілімен байланысы. Құрылысының тұрақты болу себептері.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-                     Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері. Классификациялаудың принциптері туралы білу.

-                     - Мақал-мәтелдердің тақырыптық, логикалық-семантикалық жіктеулер туралы конспект жасау.

-                     Мақал-мәтелдердің ауызекі сөйлеу тілімен байланысы. Құрылысының тұрақты болу себептерін айқындау.

Бақылау сұрақтары:

-                     Мақал-мәтелдер тақырыбының халық өмірінің барлық саласын қамтитынынын дәлелде.

-                      Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы, жалпы және жалқы мағыналарын анықта.

-                     Құрылыс, ұйқас, ырғақ ерекшеліктері, троптың атқаратын қызметін айқында.

-                     Мәтелдің мақалдан айырмашылығын анықта.

-                     Қанатты сөздердің, афоризмдердің, фразеологиялық тіркестердің мақал-мәтелдермен арақатысын айқында.

СӨЖ тапсырмалары:

-                     Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы, жалпы және жалқы мағыналарын туралы өзіндік жұмыс жаса.

-                      «Мақал-мәтел өнерінің зерттелу тарихы» тақырыбында шығарма жаз.

-                     «Мақал-мәтел өнерінің жанрлық сипаттамасы, жіктелуі» тақырыбында сөзжұмбақ дайында.

                   Пайдалынылатын әдебиеттер:

•    Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. -А:, 1992.

•    Байтұрсынов А. Ақжол. -А:,1991.                                                    

•    Веселовский А.Н. Историческая поэтика.-М.,1940.

•     Тайлор Э. Первобытная культура. -М.,1989.

•    Анисимов А. Духовная жизнь перпобытного общества. -М-Л., 1966.

•    Гусси В.Е. Эстетика фольклора. -Л.,1967.

•    Гусьев В.Я. Фольклор и действительность.-М.,1976.

·        Емельшин Л.И.Методолог. вопросы фольклористики.-Л.,1978,

•    Әуезов М. Әдебиет тарихы.-А: 1991.

•    Ысмаилов Е. Ақындар. -А:.1956.

•    Смирнова М.С. Казахская народная поэзия. -А.,1967.

•    Садырбаев С. Фольклор және эстетика. -А.,1976

8 –тақырып: Жұмбақтар

Қамтылатын мәселелер:

- Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық белгілері.

- Жұмбақтардың жасалу жолдары мен тәсілдері. Тиым салу /табу/ және оның жұмбақтардың қалыптасуындағы ролі.

- Жұмбақтардың тақырыбы, ондағы қазақ тұрмысының көрінісі.

- Жұмбақтардың ересектер мен балалар шығармашылығында қатар жүруі және ертегілермен, айтыстармен және мақал-мәтелдермен байланысы.

- Жұмбақтардың айтылу формасы мен көркемдік тәсілдері.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық белгілерін анықтап баяндама жаз.

- Жұмбақтардың жасалу жолдары мен тәсілдері. Тиым салу /табу/ және оның жұмбақтардың қалыптасуындағы ролін айқында.

- Жұмбақтардың тақырыбы, ондағы қазақ тұрмысының көрінісін анықта. Мысалдар келтіре отырып дәлелде.

Бақылау сұрақтары:

- Жұмбақтардың ересектер мен балалар шығармашылығында қатар жүруі туралы дәлелді мысалдар келтір.

- Жұмбақтардың ертегілермен, айтыстармен және мақал-мәтелдермен байланысын айқында.

- Жұмбақтардың айтылу формасы мен көркемдік тәсілдері қандай?

СӨЖ тапсырмалары:

-                     «Жұмбақтардың айтылу формасы мен көркемдік тәсілдері» атты тақырыпта өзіндік жұмыс жазу.

-                     «Жұмбақтардың тақырыбы, ондағы қазақ тұрмысының көрінісі» бойынша глоссарий құрастыр.

-                     Жұмбақтар жайлы сөзжұмбақ дайында.

                     Пайдалынылатын   әдебиеттер.

•    Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. -А:, 1992.

•    Байтұрсынов А. Ақжол. -А:,1991.                                                    

•    Веселовский А.Н. Историческая поэтика.-М.,1940.

•     Тайлор Э. Первобытная культура. -М.,1989.

•    Анисимов А. Духовная жизнь перпобытного общества. -М-Л., 1966.

•    Гусси В.Е. Эстетика фольклора. -Л.,1967.

•    Гусьев В.Я. Фольклор и действительность.-М.,1976.

·        Емельшин Л.И.Методолог. вопросы фольклористики.-Л.,1978,

9 –тақырып: Шешендік сөздер

Қамтылатын мәселелер:

-                     Шешендік сөздер қызметі мен қоғамдық мәні. Жанрлық өзгешеліктері.

-                     Шешендік сөздердің жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық түрлері: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-                      Шешендік сөздер қызметі мен қоғамдық мәні. Жанрлық өзгешеліктерін білу.

-                     Шешендік сөздердің жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық түрлері: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау туралы конспект жасау.

Бақылау сұрақтары:

-                     Шешендік сөздердің көркемдік сипаты, ырғақты қара сөз бен өлең формасының аралас келуі, түсінік сөздердің атқаратын қызметі қандай?

-                     Шешендік сөздердің аңыздармен, мақал-мәтелдермен байланысы қандай?

-                      Майқы би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым т.б. туралы шешендік сөздер мен аңыздардың тұтастығы қандай?

-                     Халық қазынасына айналған шешендік сөздердің авторын анықтау принциптері мен эстетикалық, тәрбиелік маңызы қандай?

СӨЖ тапсырмалары:                                                 

- «Майқы би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым т.б. туралы шешендік сөздер мен аңыздардың тұтастығы» тақырыбында өзіндік жұмыс жаса.

- «Шешендік сөздер қызметі мен қоғамдық мәні» тақырыбында глоссарий жаса.

                Пайдалынылатын   әдебиеттер:

•    Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. -А:, 1992.

•    Байтұрсынов А. Ақжол. -А:,1991.                                                     

•    Веселовский А.Н. Историческая поэтика.-М.,1940.

•     Тайлор Э. Первобытная культура. -М.,1989.

•    Анисимов А. Духовная жизнь перпобытного общества. -М-Л., 1966.

•    Гусси В.Е. Эстетика фольклора. -Л.,1967.

•    Гусьев В.Я. Фольклор и действительность.-М.,1976.

·        Емельшин Л.И.Методолог. вопросы фольклористики.-Л.,1978,

•    Әуезов М. Әдебиет тарихы.-А: 1991.

10 –тақырып: Ертегілер

Қамтылатын мәселелер:

-                     Халық прозасы туралы түсінік. Оның ертегілер және ертегілерден тыс көптеген түрлерінің бар екеңдігі. Айырмашылығы мен ұқсастықтары.                 - Ертегілердің өзіндік ерекшеліктері. Жиналуы мен зерттелуі.

-                     Ертегілердің халықтық сипаты, ондағы қиялдың шығу негіздері, шындыққа қатысы. Ертегілердің классификациясы. Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері.

-                     Хайуанаттар жайындағы ертегілердің пайда болу жолдары.

-                     Қиял-ғажайып ертегілердің жанрлық ерекшеліктері.

-                     Батырлық ертегі.

-                     Новеллалық ертегі.

-                     Сатиралық ертегілердің_жанрлық сипаты. Ертегіден тыс прозалық жанрлар (аңыздық проза)

-                     Миф. Аңыз-әңгімелер. Жанрлық        сипаты.         Анықтамасы.   

-                     Тарихи, мекендік /топонимикалык/ және күй аңыздары. Қиял мен

шындықтың көрінісі. Тарихи аңыздардың сюжеті мен қаһармандары: Асан Қайғы, Жиренше, Жәнібек, т.б. Жер-су, елді мекен, тау-тас, өзен-көл туралы аңыздар. Күй аңыздарындағы тарихи және жер-су, елді мекен жайындағы әңгімелердің орайлас келуі. Аңыздардың композициясы мен баяндау тәсілдері.

- Әпсана /легенда/. Жанрдың анықтамасы. Эпсананың түрлері. Аңыз-әңгімеден айырмашылығы. Дүниенің жаратылысы, жерұйық әулие-әнбиелер туралы сюжет. Қорқыт, Ескендір туралы әпсаналар. Қиял-ғажайып оқиғаларының қызметі. Көркемдік ерекшеліктері.

 - Ертегісімек. /Былички/. Жанрдық анықтамасы. Ескі наным-сенім, халық демонологиясының көрінісі: албасты, үббе, күлдіргіш, жезтырнақ, сөрел, жын-шайтан, т.б. Тақырыбы мен баяндау тәсілдері.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-                     Хайуанаттар жайындағы ертегілердің пайда болу жолдары жайлы баяндама жаса.

-                     Қиял-ғажайып ертегілердің жанрлық ерекшеліктерін анықта..

-                     Батырлық ертегі, новеллалық ертегілерге мысалдар келтір.

-                     Сатиралық ертегілерді оқы.

Бақылау сұрақтары:

-                     Миф. Аңыз-әңгімелердің жанрлық        сипаты  анықтамасы қандай?   

-                     Тарихи, мекендік /топонимикалык/ және күй аңыздары. Қиял мен

шындықтың көрінісі. Тарихи аңыздардың сюжеті мен қаһармандары: Асан Қайғы, Жиренше, Жәнібек, т.б. Жер-су, елді мекен, тау-тас, өзен-көл туралы аңыздар. Күй аңыздарындағы тарихи және жер-су, елді мекен жайындағы әңгімелердің орайлас келуі. Аңыздардың композициясы мен баяндау тәсілдерін ата.

- Әпсана /легенда/. Жанрдың анықтамасы. Эпсананың түрлері. Аңыз-әңгімеден айырмашылығы. Дүниенің жаратылысы, жерұйық әулие-әнбиелер туралы сюжет. Қорқыт, Ескендір туралы әпсаналар. Қиял-ғажайып оқиғаларының қызметі. Көркемдік ерекшеліктерін ата.

 - Ертегісімек. /Былички/. Жанрдық анықтамасы. Ескі наным-сенім, халық демонологиясының көрінісі: албасты, үббе, күлдіргіш, жезтырнақ, сөрел, жын-шайтан, т.б. Тақырыбы мен баяндау тәсілдерін анықта.

СӨЖ тапсырмалары:

- «Ертегісімек. /Былички/» тақырыбында өзіндік жұмыс жаса.

-                     Ертегілер жайлы глоссарий құрастыр.

-                     «Ертегілердің халықтық сипаты, ондағы қиялдың шығу негіздері» тақырыбына эссе жаз.

                 Пайдалынылатын әдебиеттер:

•    Әуезов М. Әдебиет тарихы.-А: 1991.

•    Ысмаилов Е. Ақындар. -А:.1956.

•    Смирнова М.С. Казахская народная поэзия. -А.,1967.

•    Садырбаев С. Фольклор және эстетика. -А.,1976.

Окулыктар

•    Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті//Шығармалар.6-т.-А: 1964.

•    Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. -А.,1974.

·        Садырбаев С.Қазақ халқынын ауыз әдебиеті. Хрестом.-А.,1977.

11 –тақырып:  Эпостық  жырлар

Қамтылатын мәселелер:

-                     Қазақ эпосының жанрлық құрамы. Классификациясы. Жанрлық-

стадиялық белгілеріне қарай жеткізу.

-                     Көне эпос, батырлар жыры, лиро-эпос, тарихи жырлар. Зерттелу тарихы.

Шындықтың эпостағы бейнеленуі. Эпос пен тарих. Өлең құрылысы.

-                     Көне эпос. Анықтамасы мен негізгі белгілері. Сюжеттік құрамы мен

тақырыбы. Қаһармандық үйлену, ғажайып туу, өліп тірілу мотивтері. Миф, аңыз ертегілермен байланысы. Образдар жүйесі: бас қаһарман мен адамзатқа қас күштер /дию, пері, дәу, мыстан кемпір, т.б./. Әйелдер бейнесі. "Құламерген-Жоямерген", "Дотан батыр" жырлары – көне эпостың үлгілері. "Алпамыс батыр" жырындағы архаикалық сипат. Көркемдік ерекшеліктері. Ұлғайту мен әсірелеу.

  - Батырлар жыры. Жанрлық белгілері. Жиналу, жариялану, зерттелу тарихы. Шығу мезгілдері туралы. Батырлар жыры мен көне эпостық байланысы, бір-бірімен сабақтастығы. "Қобыланды батыр", "Ер Көкше-Ер Қосай", "Арқалық батыр" жырларының сюжеттері, ел қорғау, сыртқы жауларға қарсы күресу идеясы, образдар жүйесі.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- Лиро-эпос. Жанрлық сипаты. Жиналуы мен зерттелуі. Сюжеті мен тақырыбы. Әдет-ғұрып, салт-сананың лиро-эпос сюжетінен алатын орны, кейіпкерлер тағдырымен сабақтастьны. Әлеуметтік қайшылықтар. Трагедия, оның болу себептері. Образдар жасау ерекшеліктері. Идеализациялау мен даралау /индивидуализация/. Әлеуметтік-тұрмыстық/ "Айман-Шолпан"/ және махаббат тақырыбы /"Қозы Көрпеш-Баян сұлу", "Қыз Жібек"/.

- Тарихи жырлар. Жанрлық ерекшеліктері. Батырлар жырымен байланысы. Тарихи оқиғалар мен тарихи жырлардың ара қатысы. Тарихи каһармандык жырлар/"Едіге батыр", т.б./ жоис олар,іың полистадиялылығы. Тарихи тұлғалар мен жыр кейіпкерлері /Абылай, Олжабай, Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары, Досан, Бекет, Жанқожа, т.б./. Сюжеті мен тақырыбы. Жоңғар феодалдарына, Қоқан, Хиуа хандықтарына, ішкі қанаушыларға қарсы /"Исатай-Махамбет"/ күрес пен 1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар.

   - Діни дастандар. Жанрлық ерекшеліктерін білу. Тарихи негіздері. Батырлық жыр өрнектерінің молдығы /"Дариға қыз", "Зарқұм", т.б./.

атырлар    жыры.  Жанрлық   белгілері,    идеялық   нысанасы,    тақырыбы, халықтық сипаты, тарихилығы, образдар жүйесі, поэтикасы.

Бақылау сұрақтары:

- Батырлар    жыры денегіміз не? 

- Батырлар    жырының жанрлық   белгілері қандай?

-   Батырлар    жырының   идеялық   нысанасы қандай?

- Батырлар    жырының тақырыбы қандай?

- Көне эпос халықтық сипаты қандай?

- Батырлар    жырының тарихилығы қандай?

- Тарихи жырлар образдар жүйесі қандай?

- Діни дастандар поэтикасы қандай?

СӨЖ тапсырмалары:

- Батырлар    жырының жанрлық   белгілері. (өзіндік жұмыс)

- Көне эпос тақырыбы. (глосссарий)

- Батырлар    жырының халықтық сипаты.

- Тарихи жырлар  тарихилығы.

- Батырлар    жырының образдар жүйесі. (Сөзжұмбақ)

Пайдалынылатын әдебиеттер:

•    ДалгатУ.Б. Литература и фольклор. -М.,1981.

•    Бердібаев Р. Көусар бұлақ. -А.,1989

Қазақ  фольклоры түркі халықтарының ауыз әдебиеті құрамында

•    Жирмунский В. М. Тюркский героиеский эпос. -Л., 1974

•    Короглы   X.   Г.   Взаимосвязи   эпоса   народов   Средней   Азии,   Ирана   и Азербайджан. -М., 1983

•    Қазақ фольклорының типологиясы. -А., 1981

•     Путилов    Б.     Г.     Методология    сравнительной-историчсской    изучения фольклора. -Л., 1976

12 –тақырып: Айтыс

Қамтылатын мәселелер:

    - Айтысты зеттелу тарихы. Жанрлық сипаттамасы. Айтысты мазмұны мен тақырыбына, түріне қарай жіктеу. Әдеп - ғұрыппен салтпен байланысты.

- Айтысатын айтыстар: бәдік, жұмбақ айтыстары айтыс үлгісінде орындалатын мал мен иесі, өлі мен тірі, жар-жар, мысал өлеңдерінің осы жанрға қатысы.

- Салтпен байланысты айтыстардың көне екендігі. Сүре айтыс, түре айтыс, қайым айтыс - айтыс формаларының түрлері. Жазба айтыс, қыз бен жігіт айтысы /"Біржан мен Сара", Кеншінбай мен Айсұлу". "Манат қыз бен молда Мұса", т.б./

- Айтыстың айрықша дамыған түрі - ақындар айтысы. Атақты ақындар айтысының даралық сипаты,  әдебиетке ұласуы /Сүйінбай, Шөже, Кемпірбай, Әсет, Нұржан, Сара, Жамбыл, т.б./ айтыстары.

- Ақындық шеберлік пен тапқырлық. Кенес дәуіріндегі айтыстардың дамуындағы ерекшеліктер. Тәуелсіздік кезеңіндегі айтыстар. Өркендеу себептері.

   - Айтыстың көpкeмдік ерекшеліктері.

- Салтпен байланысты айтыстардың көне екендігін, сүре айтыс, түре айтыс, қайым айтыс - айтыс формаларының түрлері. Жазба айтыс, қыз бен жігіт айтысы /"Біржан мен Сара", Кеншінбай мен Айсұлу". "Манат қыз бен молда Мұса", т.б./ білу.

- Айтыстың айрықша дамыған түрі - ақындар айтысы. Атақты ақындар айтысының даралық сипаты,  әдебиетке ұласуы /Сүйінбай, Шөже, Кемпірбай, Әсет, Нұржан, Сара, Жамбыл, т.б./ айтыстарын оқу.

- Ақындық шеберлік пен тапқырлық. Кенес дәуіріндегі айтыстардың дамуындағы ерекшеліктер, тәуелсіздік кезеңіндегі айтыстарды, өркендеу себептерін білу.

   - Айтыстың көpкeмдік ерекшеліктері қандай?

СӨЖ тапсырмалары:

«Біржан мен Сара", Кеншінбай мен Айсұлу". "Манат қыз бен молда Мұса", т.б./ айтыстар» тақырыбында өзіндік жұмыс жаса.

-                      «Ақындық шеберлік пен тапқырлық ерекшеліктері бойынша эссе жаз.

Пайдалынылатын әдебиеттер:

•    ДалгатУ.Б. Литература и фольклор. -М.,1981.

•    Бердібаев Р. Көусар бұлақ. -А.,1989

Қазақ  фольклоры түркі халықтарының ауыз әдебиеті құрамында

•    Жирмунский В. М. Тюркский героиеский эпос. -Л., 1974

•    Короглы   X.   Г.   Взаимосвязи   эпоса   народов   Средней   Азии,   Ирана   и Азербайджан. -М., 1983

•    Қазақ фольклорының типологиясы. -А., 1981

•     Путилов    Б.     Г.     Методология    сравнительной-историчсской    изучения фольклора. -Л., 1976

13 –тақырып:  Балалар фольклоры

Қамтылатын мәселелер:

- Балалар фольклоры. ("Бесікке бөлеу", Бесікті аластау", "Тұсау кесу', т.б.).

- Балалар фольклоры. ("Бесікке бөлеу", Бесікті аластау", "Тұсау кесу', т.б.).

маңызы.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- Балалар фольклорының бүгінгі күндегі көрінісін анықта.

-("Бесікке бөлеу", Бесікті аластау", "Тұсау кесу', т.б.). жатқа айт.

- Балалар фольклоры. ("Бесікке бөлеу", Бесікті аластау", "Тұсау кесу', т.б.).

маңызын анықта.

Бақылау сұрақтары:

- Балалар фольклорының бүгінгі күндегі көрінісі қандай?

-("Бесікке бөлеу", Бесікті аластау", "Тұсау кесу', т.б.). ерекшелігі қандай.

- Балалар фольклоры. ("Бесікке бөлеу", Бесікті аластау", "Тұсау кесу', т.б.).

Маңызы қандай?

  Пайдалынылатын әдебиеттер:

•    ДалгатУ.Б. Литература и фольклор. -М.,1981.

•    Бердібаев Р. Көусар бұлақ. -А.,1989

Қазақ  фольклоры түркі халықтарының ауыз әдебиеті құрамында

•    Жирмунский В. М. Тюркский героиеский эпос. -Л., 1974

•    Короглы   X.   Г.   Взаимосвязи   эпоса   народов   Средней   Азии,   Ирана   и Азербайджан. -М., 1983

•    Қазақ фольклорының типологиясы. -А., 1981

•     Путилов    Б.     Г.     Методология    сравнительной-историчсской    изучения фольклора. -Л., 1976

•     Бердібаев Р. Түрік әдебиет әлеміндегі ортақ сарындар. //Жұлдыз,1993.-І казахской

14 –тақырып: Фольклор мен әдебиет

Қамтылатын мәселелер:

- Түркі халықтарына ортақ ежелгі әдебиеттегі /Ү-ХҮғғ/ фольклордың ролі. Мифтер, аңыз әңгімелер, халық өлеңдері, мақал-мәтелдердің түркі жазба ескерткіштерінен алатын орны. Олардың қолданылу себептері. Орхон-Енисей жазбаларыңдағы ерлік пафос пен эпостық жырлардың үндестігі. "Қорқыт ата кітабы", "Оғыз наме", т.б. кітаптарда кездесетін қазақтың миф, ертегі, хикая, эпос жырларындағы сюжеттер.

- ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы жыраулық поэзия мен фольклордың байланысы.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

-                     Фольклор мен әдебиеттің бір-бірімен тектес, туыстастығы.

-                     Фольклордың әдебиетке, әдебиетгің фольклорға әсері. Өзара байланыс әдеби-фольклорлық процестердің түрлі деңгейінде түрлі сипатта болатындығы /халықтығы, идеясы, тақырыбы, жанры, сюжеті, мотиві, көркемдік бейнелеу құралдары мен тәсілдері, образ жүйесі, құрылысы, т.б. бойынша/.

- «Фольклор мен әдебиеттің бір-бірімен тектес, туыстастығы» тақырыбында өзіндік жұмыс жаз.

- «Фольклордың әдебиетке, әдебиетгің фольклорға әсері» тақырыбында шығарма жаз. 

Пайдалынылатын әдебиеттер:

·                                Адамбаев Б. Халық даналығы. -А.,1976

·                                Әуезов М. Жұмбақтар туралы //Жұмбақтар. -А.,1940

15–тақырып:  Қазақ  фольклорының зерттелу тарихы

Қамтылатын мәселелер:

- Көне дәуірдегі түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін ауыз әдебиетінің нұсқалары, оларды пайдалану сипаты. Мақал-мәтелдердің, шешендік сөздердің, мысал әңгімелердің, тұрмыс-салт жырларының орта ғасырлық сөздіктер мен антологияларға, дастандарға, шежірелерге /"Лұғат ат-түрк" , "Кодекс куманикус"/ ену себептері.

- Қазақ фольклоры туралы ғылымның ХҮШ ғасырда қалыптаса бастауы. Саяхатшылар мен зерттеушілер: П.Паллас. Н.Рьгжов, И.Гиоргидің қазақ фольклоры туралы тұжырымдары.

- XIX ғасырдың бірінші жартысыңда қазақ фольклорының этнографиялық бағытта зерттелуі. Жинау, жариялау жұмыстары.

Практикалық және жеке сабақтарға тапсырмалар:

- Ш.Уалихановтың қазақ фольклорына жинау және зерттеудегі еңбектері. Жырау, жыршы, ақын, бақсы жайында, халық поэзиясының жанрлары мен түрлері туралы XIX ғасырдағы ғалымдардың пікірлері.

- В.В.Радловтың, Г.Потаниннің, А.Васильевтің, т.б. зерттеушілердің қазақ фольклортану ғылымының дамуына қосқан үлестері.

- XX ғасырдың басындағы қазақ  фольклористикасы. Ә.Диваев пен М.Көпеевтің, А.Байтұрсыновтың, Ә.Бөкейхановтың ауыз әдебиеті нұсқаларын жинау, жариялау жұмыстары.

- Қазақ мифтерінің жанрлық белгілері.

Бақылау сұрақтары:

- Халықтың әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігін жете білу үшін фолъклорлық материалдарға арқа сүйеу. Зерттеулердің жолжазба және сипаттама, таныстыру түрінде болуы.

- Батыс Европа мен Ресейдегі мифологиялық мектеп, оның қазақ фольклорын зерттеулерге қатысы.

- XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы қазақ фольлоры туралы ғылымның Ресейдегі алдыңғы қатарлы ой-пікірлермен, түрлі әдеби-фольклорлық зерттеу мектептерімен сабақтас болуы.

СӨЖ тапсырмалары:

- Қазақ  фольклорының зерттелу тарихы туралы өзіндік жұмыс жазу.

- Қазақ  фольклорының зерттелу тарихы бойынша сөзжұмбақ құрастыру.

Пайдалынылатын әдебиеттер:

·                     1. Әуезов М. Ертегілер, Қазақ әдебиеті тарихы. І-т.-А.,1988

·                     Пропп.В.Я. Морфология сказки. -М.,1969

·                     Турсунов Е.Д. Генезис казахской бытовой сказки. -А.,1973

·                     Каскабасов С. Казахская волшебная сказка. -А.,1972

·                     Қондыбаев С.А. Қазақ мифологиясына кіріспе. -А.,1999.

·                    Тарақты А. Күй шежіре. -А., 1992. Мифы народов мира. -М., 1997.

                   ПАЙДАЛАНУҒА ұСЫНЫЛАТЫН әДЕБИЕТ

•    Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. -А:, 1992.

•    Байтұрсынов А. Ақжол. -А:,1991.                                                    

•    Веселовский А.Н. Историческая поэтика.-М.,1940.

•     Тайлор Э. Первобытная культура. -М.,1989.

•    Анисимов А. Духовная жизнь перпобытного общества. -М-Л., 1966.

•    Гусси В.Е. Эстетика фольклора. -Л.,1967.

•    Гусьев В.Я. Фольклор и действительность.-М.,1976.

·        Емельшин Л.И.Методолог. вопросы фольклористики.-Л.,1978,

•    Әуезов М. Әдебиет тарихы.-А: 1991.

•    Ысмаилов Е. Ақындар. -А:.1956.

•    Смирнова М.С. Казахская народная поэзия. -А.,1967.

•    Садырбаев С. Фольклор және эстетика. -А.,1976.

Окулыктар

•    Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті//Шығармалар.6-т.-А: 1964.

•    Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. -А.,1974.

·        Садырбаев С.Қазақ халқынын ауыз әдебиеті. Хрестом.-А.,1977.

Қосымша

·         Қазақ әдебиетінің тарихы. I- том, 1,2-кітаптар. -А.,1960, 1964. 18

·        Қазақ фольклористикасының тарихы. -А.,1988.

·        Қазақ фольклорының тарихилығы. -А.,1993.

Анықтамалар, көрсеткіштер, библиография

·                               Революцияға  дейінгі  қазақ тілінде  шықкан  әдеби  кітаптар.   /1807-1917/ /Аннотацияланған библиогр. көрсеткіш/.- А.,1978.

·                               Субханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. -А.,1979.,

·                               Ақын-жыраулар. Өмірбаяндық анықтамалар.-А:1979.

Фольклор практикасы

·                               Смирнова  Н.С.,   Нұрмағанбетова  О.Ә.   Қазақ халқының  ауыз  әдебиетін жинаушыға көмек. -А.,1960.

·                               Круглов Ю.Г. Фольклорная практика. -М.,1986

Қазақ фольклорының даму, қалыптасу кезеңдері

·                               Марғұлан Ә. Ежелгі жанр, аңыздар. -А.,1985.

·                               Тұрсынов Е.Д.  Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері.-А.,1976.

·                               Қасқабасов С. Қазақтың  халық прозасы. -А., 1985.

·                               Қасқабасов С. Жаназық (зерттеулер) Астана,2002

·                               Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және тюркология. -A.1987

·                               Абылқасымов Ш.Б. Жанр толғау, каз. устн. поэзии. -А.,1984

·                               Қазақ фольклористикасының тарихы. -А.,1988.

·                               Сейдеханов К. Қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық поэзиясы. -А.,1974.

·                               Төреқұлов Н.  Қазақ совет халық поэзиясының жанрлық ерекшлеліктері. -А.,1979.

Тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер

·                               Затаевич А.В. 1000 песен киргизского народа.-Оренбург:1925

·                                Ерзакович Б.Г.Песенная культура казахского парода. -А.,1966

·                               Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. -А.,1974

·                               Уахатов Б.Қазақтың тұрмыс-салт  жырлар типологиясы.-А.,1983

Мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар, шешендік сөздер

·                                Адамбаев Б. Халық даналығы. -А.,1976

·                                Әуезов М. Жұмбақтар туралы //Жұмбақтар. -А.,1940

Ертегілер мен ертегіден тыс прозалық  жанрлар

·                     Әуезов М. Ертегілер, Қазақ әдебиеті тарихы. І-т.-А.,1988

·                     Пропп.В.Я. Морфология сказки. -М.,1969

·                     Турсунов Е.Д. Генезис казахской бытовой сказки. -А.,1973

·                     Каскабасов С. Казахская волшебная сказка. -А.,1972

·                     Қондыбаев С.А. Қазақ мифологиясына кіріспе. -А.,1999.

·                    Тарақты А. Күй шежіре. -А., 1992. Мифы народов мира. -М., 1997.

Эпостық жанрлар

•    Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. -А.,1985

•    Бердібаев Р. Эпос-ел қазынасы. -А.,1995

•    Ыбыраев Ш. Қазақ эпосы. -А.,1987

•    Абылқасымов Б. Телқоңыр. -A.J993

•    Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. -А.,1987

•    Ғабдуллин М.Сыдықов Т.Қазақ халқының батырлық жыры.-А.,1972

•    Жұмалиев К, Қазақ эпосы мен әдебиет тар. мәселелері -А. 1958

•    Жирмунский В.М., Зарифов Х.Т. Узбекский народный героический эпос. -М.,1947.

•    Қоңыратбаев Ә. Қазақтың "Қозы Көрпеш" жыры туралы. -А. 1959

•    Бердібаев Р. Қазақ эпосы.-A.1982

Тарихи жырлар

•    Қазақ тарихи жырларының мәселелері.-А.,1979

•    Бердібаев Р. Абылай асуы//Абылай хан. ~А.,1993.

•     ХанКене.-А.,1993.

•    Қазақ қолжазбаларының  ғылыми  сипаттамасы.   Тарихи  жырлар.   3-т.   -А.,1981

Айтыс

•    Ысмаилов Е. Ақындар. -А.,1956

•    Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. -А.,1976

Балалар фольклоры

•    Ақ сандық, көк сандық. Балалар фольклоры. -А.,1988

•    Мелышкова М.Н. Русский детский фольклор. -М.,1987

Фольклор мен әдебиет